Қазақстан мен Моңғолия арасында құқықтық мәселелер бойынша әріптестік нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Моңғолия арасында құқықтық мәселелер бойынша әріптестік нығаяды

25.02.2021

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы құқықтық мәселелер бойынша екіжақты әріптестік нығаяды.

Сенаторлар екі ел арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы тиісті хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат Моңғолиядағы Қазақстан азаматтарының мүдделерін толыққанды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, хаттама екі елдің жеке және заңды тұлғаларының соттарға немесе басқа да құзыретті органдарға жүгіну тетіктерін жеңілдетеді. Айта кетейік, қазір Моңғолияда еліміздің 129 азаматы, 39 кәсіпкер мен 6 инвестор жұмыс істеп жатыр.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сонымен қатар, осы елде 127 мыңнан астам этникалық қазақтар тұрады. Осы тұста бүгінгі қаралып отырған хаттама өзекті әрі уақытылы деп айтуға әбден болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу