Ақтөбеқаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен ел чемпионаты басталды.
3 күнге созылатын сайысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және өзге 14 облыстан 23 жасқа дейінгі 200-ден аса спортшы келді. Пандемияға байланысты мұнда шектеу шаралары сақталып, жарыс көрерменсіз өтіп жатыр. Спортсүйер қауым тек әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы тамашалайды. Үздік шыққан палуандар ел құрамасына қабылданып, Азия және әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.
Берік Шалыбаев, жарыстың бас төрешісі:
Әлемдегі ахуалға байланысты әлем және Азия чемпионаттарының әлі уақыттары қойылған жоқ. Бірақ біз ел чемпионатын өткізіп жатырмыз өзіміз.