Айман Омарова: Адвокаттар мен прокурорлардың құқығы тең болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айман Омарова: Адвокаттар мен прокурорлардың құқығы тең болуы керек

25.02.2021

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтерілген мәселелер сөз күйінде қалмайды. Бүгін кеңес мүшелері маңызды ұсыныстардың қолдау тауып, іске асып жатқаны нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі деді. Айтуларынша ол үшін 13 заң қабылданып, тағы 9 заңға түзетулер әзірленген. Бұл жолы да өзекті мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Олардың дені қарапайым азаматтарға арналған дейді кеңес мүшелері. 

Төлеутай Рахымбеков, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Мысалы баспана туралы. Осы жерде Президентіміз айтты: неге біз осы уақытқа дейін ірі қалаларда, облыс орталықтарында ғана үй салынады? Бүгін тапсырма берілді ауылдық елді мекендерде де үй салынсын. Ол бірінші мұғалімдер, дәрігер мен ауыл шаруашылық мамандары үшін деп үй салынады. 
Ауыт Мұқибек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Халықты сонша алаңдатып келген мәселеге Президент нүкте қойды. Ол жер мәселесі. Тек қана жер шетелдіктерге жалға берілмейді, сатылмайды деп айтылып келді. Енді оған біржола заңмен тыйым салынатын болды. Халықтың күткені осы болатын. 
Мұрат Әбенов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Әртүрлі лотарея ойнау, ставка қою, қазір интернет арқылы әсіресе жастарды соған тартып, ақша тігіп, соған қызығушылығын арттырып, заңсыз іс-әрекет жасайтындарды жауапкершілікке тарту керек. Және арнайы заң қарау керек деген тапсырма болды мен толық қолдаймын. Бізге өте қажет нәрсе. 
Айман Омарова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Адвокаттар мен прокурорлардың құқығы тең болуы керек. Сол туралы ұсынысты бүгін Президент қолдап отыр. Енді Парламентте осы талқыланып, өзгерістер бола ма деп сенім артып отырмыз. 


Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу