СҚО-да Есіл өзені ернеуінен асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Есіл өзені ернеуінен асты

26.04.2018

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені ернеуінен асып, «Челябі-Новосібір» тас жолының бір бөлігін су басты. Тасыған өзен суы ондаған метрге дейін жайылған. Қазір бұл жерде арнайы бекет құрылып, құтқарушылар мен жергілікті полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікке кірісті. Күре жолдағы қозғалыс кейбір көліктер үшін тоқтатылған жоқ. Дегенмен, жақын күндері су Петропавл қаласы маңында орналасқан бірнеше саяжайға қауіп төндіруі мүмкін деген болжам жасалып отыр.   

Ерік Сарыбаев, СҚО ТЖД басшысының орынбасары:

- Заречный елді мекенінің жанында орналасқан саяжайлар толығымен, Былғары тері зауыты елді мекені, Мичурино елді мекені және өзен портының жанында орналасқан саяжайлардың біршамасын су басу болжанып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда біз «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің арнайы гидропостарынан бөлек, департамент жеке құрамының күшімен қосымша 6 пост құрып отырмыз.

Хабарламаларға жазылу