Зейнетақы жинағындағы қаржысын алушылар қатары тағы да көбейді. Осы айдағы мәлімет бойынша 108 мың адамға артқан. Яғни, 829 мыңдай салымшы жинағының бір бөлігін ала алады. Жалпы сома 2,5 трлн теңге. Үй жағдайы мен денсаулығынан бөлек қазақстандықтар қаржысын енді басқарушы компанияларға аударуға ниетті. Бүгінде 99 адам өтініш берген. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі мәлімдеді. Бұдан түсетін пайданы жыл сайын алып отыру жағдайы қарастырылып жатыр. Маманның түсіндіруінше, инвесткомпанияға салған сомаңыздың 10 пайызын шешуге мүмкіндік бар.
Асима Нұрбайқызы