Күн мен түн теңеліп, жер-дүние жаңаратын шақ - Наурыз мерекесін Шығыс Қазақстан тұрғындары биыл да көтеріңкі көңіл-күймен атап өтуде. Ұлыстың ұлы күнінде Абай және Бесқарағай аудандарының орталығында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды.
Наурызды іргесі сөгілмес бірліктің, ырысы төгілмес тірліктің мейрамы деп санайтын жұрт мерекелік шараларға белсене қатыстып, жыл басына арналған думанның шырайын кіргізді. Күн райына қарамастан «Ағасұлтан» алаңына жиналғандардың қарасы қалың болды.
Мереке аясында қазақы нақышта тігіліп, үздік әрленген киіз үйді анықтау бойынша байқау да ұйымдастырылды.
Дарын САҒИТОВ