Шымкентте кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген лауазымды тұлғалар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген лауазымды тұлғалар жазаланды

26.02.2021

Шымкентте құзырлы орындар пара алу үшін 30 кәсіпкердің ісіне тосқауыл қоюға тырысқан. Осы дерек бойынша 13 лауазымды тұлға қылмыстық жазаға тартылды. Арасында кәсіпкерлік бөлімінің басшысы да бар. Ол сатушының кедергісіз сауда жүргізуіне жағдай жасап, одан жүйелі түрде пара алып келген.Былтыр осындай көлеңкелі іспен айналысқан ветеринариялық бақылау инспекциясының инспекторы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оңай олжаға құныққан қызметкер мал өнімдерін базарға әкелген азаматтарға санитарлық сертификат беру үшін ақша талап еткен. Жемқорлыққа ұрынғандар арасында экономикалық тергеу қызметінің де мамандары бар. 

Асхат Жұмағали, Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
Құзырлы орындар кәсіпкерлердің жұмысына кедергіні көбіне әдейі жасайды. Әкімшілік жазаға таратамын деп қорқытады. Немесе рұқсат қағазды уақтылы бермей созбалаңға салып жүреді. Тағы сол сияқты. Олардың көздегені осындай тәсілдермен боспасалап пара алу. Былтырғы орын алған фактілердің барлығы осындай жемқорлыққа негізделген. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу