Келер дүйсенбі, 1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру басталады. Шілдеге дейін жалғасатын науқан кезінде еліміздің қарулы күштерін 14 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады деп күтілуде. Карантинге байланысты шақырту бұрынғыдай қағаз күйінде емес 1414 номері арқылы SMS-пен жіберіледі. Ал жігіттер ПТР тестті екі мәрте, шақыру кезінде және әскери бөлімде тапсырады. Сондай-ақ вирусқа қарсы вакцина егу жоспарланған. Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскерден жалтармауға және алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Сәкен Жүсіпов, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басшысы:
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін ақша беру жолымен көмек көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен шешуге тырыспаңыз. Бұл халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруы кейінге қалдыруды қажет ететін істі қолға алатын алаяқтар.
Шерхан Жамбылұлы