Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz банкінің негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Жақында қаржы ұйымы Лондонның қор биржасына сәтті шыққаны хабарланған еді. «Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға сеп болды», дейді банкирлер. Кездесу барысында онлайн төлемнің аясын кеңейту, цифрландыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға компанияның қатысу жайы талқыланды. Мемлекеттік мекемелер мен Kaspi.kz-тің бірлескен жұмыстарының басым бағыттары белгіленді.
Шерхан Жамбылұлы