COVID-19 бойынша соңғы мәліметтер. Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпары мынадай:
COVID-19 коронавирусы 791 адамға жұққаны тестпен расталды. Бір айта кететіні COVID-19 бойынша мәлімет бір күннен соң, ал коронавирус пенвмониясына шалдыққандар мен COVID-19 бойынша өлім дерегі екі күннен соң жарияланып жүр. Демек пневмония бойынша мәлімет 26 ақпанға берілді, оған сәйкес 58 адамнан анықталған, 2 адам қайтыс болған. COVID-19 -пен ауырған 13 адам қайтыс болған.
Айта кететіні, «жасыл» аймақтағы өңірлерде ертеңнен, 1 наурыздан бастап карантиндік шектеулер жеңілдетіледі.
–Көрермен қатысатын спорттық жарыстарға (бір мезетте қанша адам тамашалай алатыны нақтыланып жатыр), 50 адамға құдайы тамақ беруге (бірақ шара өтетін зал сыйымдылығының үштен бірі ғана қамтылуы тиіс),бильярд ойнайтын залдарға, жабық ғимараттардағы балалардың ойын-сауық клубтары мен цирктердің ашылуына рұқсат беріледі.