Өткен тәулікте 622 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 547 адам жазылып шықты. Індеттен 8 адам көз жұмды.
Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 213431-ға жеттi. Жазылып шыққандар саны - 196889 адам. Қайтыс болғандар саны - 2764.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 140 адам ем қабылдап жатыр. 248 науқастың жағдайы ауыр. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 10 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49294 адам пневмонияға шалдыққан. 42307 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 625.