ҚХА мүшелері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА мүшелері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды

01.03.2021

Бүгінгі мерекеге орай жер-жерде түрлі шаралар өтіп жатыр. Елордамызда да мейрам ерекше басталды. 

Амангелді Сейітхан, тілші:
Алғыс айту күніне арналған елордадағы іс-шаралар «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің алдында басталды. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен Мәжіліс депутаттары, түрлі этномәдени бірлестік өкілдері жиналды. Олар алдымен ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бірлік пен достық туралы, патриоттық тақырыптағы әндерді бірге шырқады. Сөз алған азаматтар тек қазақ халқына емес, пандемия кезінде аянбай қызмет еткен дәрігерлер мен волонтерларға да шексіз алғыстарын білдірді.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен үшін мерекенің маңызы өте зор. Өйткені біз, өзге этнос өкілдері, киелі қазақтың жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз. Алғысымыз шексіз.
Амангелді Сейітхан, тілші:
Алғыс айту күні биыл 5-ші рет өтіп жатыр. Сондықтан оның аясындағы шаралар апта бойы толастамады. Ассамблея мүшелері негізгі басымдықты қайырымдылыққа бұрып, этножәрмеңкелер өткізді. Одан түскен қаражат түгелдей мұқтаж отбасыларға берілді. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік жеткізілді. Этномәдени бірлестік өкілдері жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартып берді. Міне, көктемнің алғышқы күнінде келген мереке аясында осындай игі істер жасалды. Ал Ассамблея өкілдері мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді деп отыр. 
Алғыс айту күні

Хабарламаларға жазылу