Сыр өңірінде «Қайырымды істер марафоны» бастау алды. Жалпыұлттық жобаға атсалысуға ниетті жергілікті атымтай жомарт жандар жетерлік.
Мәселен, былтыр қайырымдылық шараларға бюджеттен тыс бір миллиард 634 миллион теңгеге халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 30 мың жанұяға 50 мың теңгеден бір реттік ақы берілсе, 20 мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері таратылған. Биыл да игі істер жалғасын таппақ.
Әділбек Серікұлы