Елімізде несие алушылар саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде несие алушылар саны артып келеді

01.03.2021

Ұлттық банктің дерегі бойынша 2019 жылы банктер 13 триллион 600 миллиард теңге несие берген. 2020-да бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. 14 жарым триллион теңге. Биыл да қарыз көлемі бірнеше пайызға өсті. Осылайша банк алдындағы берешек 2019-дан бері бір триллиондай өскен. Қарыздың жартысына жуығы яғни, 7 триллиондайы заңды тұлғаларға, ал қалғаны жеке тұлғаларға берілген.

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу