Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

02.03.2021
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 658 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 214089-ға жеттi. 

Соңғы тәулікте 893 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 197782. Қайтыс болғандар - 2772.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 694 адам ем қабылдап жатыр. 250 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 13 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49307 адамға пневмония диагнозы қойылды. 42520 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 628.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу