Бірқатар облыстарда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кей санитарлық шектеулер алынып жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысында мектептерде 1-5 сыныптарда 25 балаға дейін сабаққа қатыса алады.
Ал Қарағанды облысында кешеден бері мектептер 300 оқушыға дейін, әр сыныпта 15 баладан дәстүрлі форматта оқытып жатыр. Бұдан бөлек цирк, бильярд клубтары, балалар ойын-сауық орындарына келушілер санын 30 пайыздан асырмай жұмыс істеуге болады. Қоғамдық тамақтану орындарына да осы тәртіппен 50 адамнан асырмай қызмет көрсетуге рұқсат етілді.
Қызылорда облысында да 50 адамнан асырмай спорттық шаралар мен ас беруге рұқсат берілді. Бильярд клубтары мен балалар ойын сауық-орталықтары өз жұмысын жандандырды. Ал мектептердің басым бөлігі дәстүрлі форматқа көшті.
Руслан Нұрланұлы