«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонынан жиналған қаржы 23 млн теңгеге жетті. Ұлттық арна мен қазақ радиосы мұқтаж адамдар мен жомарт жандар арасына алтын көпір орнатып, кембағал жандарға көмек көрсеткен болатын.
Тікелей эфир барысында остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары - Нұрислам мен Балнұрға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға және тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбекке көмек көрсетілді.
Асима Нұрбайқызы