Атырауда кешелі бері газ тапшы. Газ құю станцияларында ұзын-сонар кезек. Қазір қалада бір ғана бекет жұмыс істеп тұр. Оның өзінде баға қымбаттап кетті. 50 теңгеге саудаланған автогаздың құны 60-65 теңге. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жұмыстардан кейін тапшылық пайда болды дейді жауаптылар.
Ғазиз Жақсығалиев, тұрғын:Көпшілік көліктер газбен жүреді. Қазір халыққа қиын болып кетті.
Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:Энергетика министрлігімен бірлесіп, жұмыс тобы құрылған. Басқа зауыттардан баланс шығаруға және жеткізуге шешім қабылданды. 3 күннен кейін басқа зауыттардан келісімшарт қол қойғаннан кейін толығымен қамтуға жағдай бар.
Жандос Темірғали