Енді зейнетақы мен жәрдемақыға кез келген өңірден өтініш беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді зейнетақы мен жәрдемақыға кез келген өңірден өтініш беруге болады

03.03.2021

Енді азаматтар зейнетақы мен жәрдемақыға кез келген өңірде жүріп өтініш бере алады. Яғни, бұрынғыдай тұрғылықты жерінен ғана өтініш жазу міндет емес. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті 1 сәуірден бастап іске қоспақ. Саланы цифрландыру арқасында азаматтар қаншама құжат жинап, уақыт та құртпайды. Барлығы автоматты түрде жүзеге асады. Алдағы уақытта тіпті, зейнетақыны телефонға SMS-хабарлама жіберу арқылы тағайындау қарастырылып жатыр. 

Сондай-ақ, мүгедектікті рәсімдеу жұмысы да жеңілдемек. Енді өтініш беруші тек медициналық мекемеге жүгінеді, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеді. Тағы бір жоба дайындалуда. Ол тұрмысы төмен отбасыларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың деректерін автоматтандырылған режимде өңдейтін болады. Негізгі мақсат - мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін проактивте, өтінішсіз және уақытылы қанағаттандыруға болатын механизм.

Амангелді Сейітхан

зейнетақы жәрдемақы

Хабарламаларға жазылу