«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамту - Үкіметтің стратегиялық міндеті». Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет мүшелерінің алдына осындай мәселе қойып отыр. Оның ойынша, Қазақстанның агродержаваға айналуына толық мүмкіндігі бар. Бұл ойды Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі қолдап, еліміздің әлемдік азық-түлік хабының бірі болатын қауқары бар деп мойындап отыр.
Қазақстанда 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға артып, 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең ірі көрсеткіш.
Ғабит Бөкенбай