Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты

03.03.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шетел инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесу өтті. 

Онлайн форматта өткен жиынға Shell, Шеврон, CNPC, Eni, ExxonMobil және Total компанияларының басшылары қатысты. Кездесуде Президент мұнай-газ саласының Қазақстан дамуында маңызды орын алатынын, сондай-ақ, әлемдік сауда–саттық пен экономиканың біртіндеп қалыпқа келуінде көмірсутектің рөлі зор екенін атап өтті. Сондықтан, осыны пайдаланып, аталған саланы одан әрі дамытуға ұзақ мерзімді инвестицияның мүмкіндігін қалт жібермеу керек. Сонымен қатар, пандемияға қарамастан, теңіз әлеуетін кеңейту кесте бойынша жүргізіліп, Қашаған жобасы бойынша қабылданған инвтестициялық шешім бірлескен жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу