Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. Тараптар еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық даму мәселелері мен ұйымға Қазақстанның биылғы төрағалығы кезіндегі басым-бағыттарын талқылады. Әсіресе, өзара саудадағы кедергілерді жоюға және Одақ шеңберінде өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша биыл мамырда Қазақстанда Жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Аталған жиын аясында Еуразиялық іскерлік форумын өткізу жоспарланып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы