Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегінде тұрған төрт қызды қағып кетті. Зардап шеккен оқушылар бірден Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жеткізілген. Екі бүлдіршін жан сақтау бөлімінде ес-түзсіз жатыр. Төртінші бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілген. Оқиғаға кінәлі 54 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үстінен қылмыстық іс қозғалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір оқушының жағдайы тұрақталып, Алматы облысының көпсалалы балалар ауруханасына ауыстырылған. Ал екі қыздың жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен демалып жатыр.
Нұрланбек Серікбек, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі:Науқастарға аралас бас ми жарақаты, бас миының жаншылуы, кеуде тұсының жаншылуы, іштің дөрекі жарақаты және екі санның ортаңғы бөлігінің үштен бір бөлігінің жабық жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылды.