Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты

04.03.2021

Теміржол құрылысы экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің негізгі басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Себебі пандемия кезінде алыс-беріс осы салаға ойысты. Ұйымның кезекті 14-ші саммитінде сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жер-жаһан үшін тағы бір өзекті мәселе азық-түлік қауіпсіздігі. Нұр-Сұлтан қаласында Ислам ұйымының осы бағыт бойынша штаб-пәтері орналасқан. Тоқаев әріптестерін осы ұйымға қосылуға үндеп және оның жарғысын бекітуге шақырды.

Пандемияның кесірінен тұралап қалған туризм саласын дамыту ұйым елдерінің басым бағытына айналуы тиіс. Қазақстан 2025 жылға қарай бұл саланың ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесін 8 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл үшін Қазақстан туристерге қызықты 10 аумақты белгілеген. Ол жерде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Ал бұл арада түркі халқы үшін қасиетті қала Түркістан қазақстандық туризмнің басты орталығына айналуы тиіс. Бұл шаҺарды дамыту үшін былтыр 1 млрд доллар құйылды. Әрине пандемия әлем елдеріне медицина саласын кешенді түрде дамыту керектігін ұқтырды. Президент Тоқаев осы салаға ерекше тоқталды.


Шерхан Жамбылұлы 

Хабарламаларға жазылу