Полиция қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясы кеңейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясы кеңейеді

04.03.2021

Қызмет барысында жарақаттанған немесе қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасылары баспана төлемдерін алуды жалғастыра береді. Сенаторлар тиісті Заң жобасына осындай түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды. Бұрын мұндай жағдайда тәртіп сақшысына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы тоқтатылатын. Бұл баспанасы жоқ отбасылар үшін қиындық туғызады дейді сенаторлар.  

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау маңызды. Сондықтан, ипотекалық несие немесе кейін сатып алынатын баспананы жалдау бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін, тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынылып отыр. 

Дарын Сағитов 

Хабарламаларға жазылу