ОПЕК+ қара алтын өндірісін арттырмақ. Ұйымға мүше елдердің келіссөзі түнде өткен еді. Тараптар ортақ келісімге келіп, сәуірде мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың баррельге арттыруға келісті.
Мұндай шешімнің қабылдануына мұнайға деген сұраныстың артуы себеп. Оның үстіне баға да бұрынғыдай емес, көтеріліп келеді. Қазір брент маркалы қара алтынның құны 67 доллардан асты. Бұл былтырдан бергі рекордтық көрсеткіш. Десе де баға қайта құлдыраса, мұнай экспорттаушы елдер, өндірісті бірден азайтпақ ниетте. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл елімізде мұнай өндірісі 86 миллион тоннаға дейін жеткізілмек.
Досжан Маратұлы