Ал төл ақшамыз долларға шаққанда 375 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Қазір емес. Жылдың соңына қарай. Ренессанс агенттігінің сарапшылары осындай оптимистік болжам жасап отыр. Айтуларынша мұнай бағасының осы күнге дейінгі қымбаттауы валюта бағамына оң әсерін енді көрсетпек. Әрі қара алтын құны тағы көтеріледі деп отыр. Оның үстіне биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,3 процентке дейін өседі деген болжам және бар.
Әзірге валюта бағамы бір АҚШ ақшасы 419, еуро - 501, рубль - 5 теңге 60 тиынға тең.
Досжан Маратұлы