Талдықорғанда түн ішінде тапаншадан оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда түн ішінде тапаншадан оқ атылды

13.08.2018

Талдықорғанда түн ішінде тапаншадан оқ атылды. Тәртіп сақшыларының нәтижелі әрекетінің арқасында суық қарудан оқ атқан 21 жастағы күдікті анықталып, оның үстінен бұзақылық фактісі бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, жергілікті билік қаладағы демалыс кешендерінің жұмыс уақытын Мәслихат сессиясында қарайтын болды. Себебі, жергілікті халықтың айтуынша, осы ойын-сауық кешенінің маңында әр сенбі-жексенбі сайын үнемі осындай айғай-шу болып, елдің мазасын алады. 

Серік Үпиев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қарастырылу үстінде. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу