Мәселен, «Балауса» балабақшасының басшылары туған-туыстарын жасырын жұмысқа қабылдап, айлығын өз қалталарына басып отырған. Сондай-ақ балалардың тамағы үшін ата-аналардан артық ақша жинап келген. Айталық, әр отбасы айына 14 мың теңге төлеп келсе, есеп-қисапта азық-түлікке жұмсалған қаражат мөлшері 11739 теңге деп көрсетілген. Ал «Аяла» бөбекжайының әкімшілігі ата-аналармен жасалатын келісімшартқа демеушілік көмек туралы тармақты өздері қосып қойған. Нәтижесінде 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Бақтыгүл Әдекенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:Үш ауданның 24 ұйымдарын тексердік. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ақша қаражаты бойынша заңсыз операциялар анықталған жағдайда материалдар тиісті органдарға жіберіледі.
Руслан Нұрланұлы