Жаңаөзенде көлік жүргізушілері газ бағасын төмендетуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде көлік жүргізушілері газ бағасын төмендетуді талап етті

09.03.2021

Жаңаөзен қаласының тұрғындары әкімдіктің алдына жиналып, сұйытылған мұнай газының бағасын арзандатуды талап етті. Айтуларынша, қалада газдың 1 литрі 60 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай бағаны жолаушы тасып, нәпақа тауып жүрген такси жүргізушілерінің қалтасы көтермейді. Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі де, құзырлы органдар да әзірге сұхбат берген жоқ. Сұйытылған газдың бағасы облыс бойынша қымбаттады. Ақтау қаласындағы бекеттерде 65-70 теңгеден сатылуда.  

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу