Мұнай баррелі 70 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай баррелі 70 доллардан асты

09.03.2021

Ал мұнай бағасы былтыр қаңтардан бері алғаш рет барреліне 70 доллардан асты. Сарапшылар қара алтын құнының өсуіне ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің өндірісті арттырмай ұстап тұруы себеп дейді. 

Яғни баға қолдан өсіп жатыр. Десе де, бұдан ары қымбаттамайды дейді экономистер. Керісінше барреліне 50 долларға дейін қайта арзандауы мүмкін. Биржадағы баға да қазір сәт сайын құбылып тұр. Ал ұлттық валютамыз бүгін долларға шаққанда сәл арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 418 теңгеге саудаланып жатыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу