Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 3 адам көз жұмды

10.03.2021
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 3 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 2 адам көз жұмды. 693 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220018-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 773 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 203467. Қайтыс болғандар - 2821.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 476 адам ем қабылдап жатыр. 230 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 4 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49581 адамға пневмония диагнозы қойылды. 44188 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 647.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу