Ақмола облысында мұғалімдерге вакцина салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мұғалімдерге вакцина салынып жатыр

10.03.2021

Ақмола облысында мұғалімдерге екпе егіліп жатыр. Бірнеше күннің ішінде білім беру саласының 300-ден астам қызметкеріне вакцина салынды. Вакциналау Көкшетау қаласындағы медицина мекемелерінде ғана емес, аудан орталықтарында да жүргізілуде. 1-ші ақпаннан бастап барлығы 2600-ден астам ақмолалық тұрғын коронавирусқа қарсы екпеқабылдады. Олардың 1700-ге жуығы – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 210-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері.  

Гүлнәр Әбдіқасымова, Көкшетау қалалық №2 мектеп-лицейінің директоры:
Білім беру саласында жұмыс істеймін. Күнделікте оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынаста боламын. Сондықтан екпе қабылдауды жөн көрдім. Бұл қоғамдық жауапкершілігім деп білемін. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Жарты сағат дәрігерлер бақылады.   

 Түркістан облысында бүгіннен бастап мұғалімдер мен полиция қызметкерлеріне екпе салынуда. Аймаққа «Спутник V» вакцинасының 10 мыңға жуық дозасы жеткізіліп, таңертеңнен бері 700-ге жуық педагог мен тәртіп сақшысы вакцина қабылдап үлгерді. Екпе алдымен ерікті түрде жасатқысы келетіндерге егілді. Өңірде осы күнге дейін 6 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы егу шаралары жүргізілды.Облысқа тағы 8600 мың доза вакцина жеткізілмек.

Ермек Елберген

вакцина

Хабарламаларға жазылу