Жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ҰБТ басталды. Емтихан тура 1 айға жалғасады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу тұңғыш рет электронды форматта жүзеге асып отыр. Яғни, «бір тапсырушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы сақталады. Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік. Тестілеуге 4 сағат беріледі. Жоғары балл – 140. ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет.
Нысаналы Ығыл