Бүйрек ауыстырған науқастарға берілетін дәрілер тізімі қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүйрек ауыстырған науқастарға берілетін дәрілер тізімі қайта қаралады

10.03.2021

Түркістан облысындағы бүйрегін ауыстырған науқастардың балама препараттарды қабылдаудан бас тартқан шағымына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінен жауап келді. Онда «СК Фармация» компаниясы тарапынан сатып алынатын дәрілердің тізіміне өзгерістер енгізіліп жатқаны хабарланған. Жоба қазір көпшіліктің талқылауына ұсынылды, соған сәйкес тиісті шешім қабылданбақ. Егер көпшілік мақұлдаса, «СК фармация» болашақта қажетті препаратты «Сандимун неорал» атауымен ғана сатып алатын болады делінген жауап хатта.

Естеріңізге сала кетейік, бүйрек ауыстырған отызға тарта науқастың дженерик препаратты қабылдаудан бас тартқаны туралы бұған дейінгі жаңалықтарымызда хабарлаған болатынбыз.


Хабарламаларға жазылу