Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Алдымен мамандардың дене қызуы өлшеніп, денсаулығы жіті тексерілді. Екпе алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды. «Біз көпшілікпен жиі байланыстамыз, сондықтан вакцина алу өте маңызды. Егер жаппай екпе салдырсақ, бұл індетті тоқтатып, адамдардың өмірін сақтап қаламыз»,- дейді тәртіп сақшылары. Алматыда коронавирустан вакциналау 1 ақпаннан бастап тегін және ерікті түрде жүріп жатыр.
Рақым Тасыбек, Бостандық ауданы полиция бөлімшесінің криминалист-технигі:Басында қорқыныш болды. Әркімнің денсаулығы - өз қолында. Өз денсаулығымды сақтау үшін өз еркіммен вакцина салдырдым.
Жазира Оразқызы