Ақмола облысы Аршалы ауданының Бұлақсай ауылындағы мектепте жарылыс болды. Ғимараттың жылу қазандығы жарылып, бір жақ қабырғасы құлаған. Оқиға кезінде білім ордасында 70-ке жуық адам болған. Бір мұғалім мен екі оқушы жарақат алған. Қазір оқиғаның себебі анықталуда.
Ермек Елберген