Қазақстан өте бай азаматтары көбейіп жатқан елдердің ондығына енді. Knight Frank агенттігі келтірген дерекке сүйенсек, елімізде 30 миллион доллардан астам қаржысы бар мультимиллионерлер көп екен. Тіпті олардың саны 2025 жылға қарай тағы 33 процентке артады деген болжам бар.
Агенттік ұсынған тізімде еліміз олигархтар санының болжамды өсуі бойынша жетінші орынға тұрақтаған. Ал бізден кейін АҚШ пен Ресей орналасыпты. Сондай-ақ зерттеу нәтижесіне сай, пандемияға қарамастан әлем бойынша мультимиллионерлер саны 3 пайыздай көбейген.
Досжан Маратұлы