Ұшақ апаты: Дәрігер ауруханада жатқандардың жағдайы туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апаты: Дәрігер ауруханада жатқандардың жағдайы туралы айтты

15.03.2021

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты ауыр. Бұл туралы қалалық №4 клиникалық аурухананың дәрігерлері хабарлады.

25 және 34 жастағы 2 азамат қазір жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр. Олар мұнда 13 наурыз күні кешкі сағат 18:10-дар шамасында түскен. Содан бері бірнеше операция жасалды. Алайда, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ, бірақ оларды аман алып қалу үшін бар жағдайды жасап жатырмыз, дейді дәрігерлер. Қазір қаладағы ең білікті мамандармен консилиум өткізіліп, солардың кеңесі бойынша ем шаралары жүргізілуде.

Дәурен Түсіпов, қалалық№4 клиникалық ауруханасы қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі:
Қажетті операциялар, оталар керекті көлемде бәрі орын алды. Керекті мамандар шақырылып, консилиум өткізіп жатыр. Ақыл кеңестерін алып, біз сол ем шараларға айтылған ұсыныстарды қолданудамыз.




Хабарламаларға жазылу