Маңғыстауда газ тапшылығы қымбатшылыққа әкеп соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда газ тапшылығы қымбатшылыққа әкеп соқты

15.03.2021

Маңғыстаулықтар бір айда 19 мың тонна газ тұтынады. Соның 14 мың 500 тоннасы Жаңаөзендегі Қазақгазөңдеу зауытынан, 4,5 мың тоннасы Атыраудан тасымалданады. Ал, наурыз айы басталғалы, көрші өңірден газ келмей қалды. Салдарынан тапшылық басталып, кеше Жаңаөзенде газдың 1 литрі - 90 теңгеге бір-ақ көтерілді. Бірақ бүгін түс ауа баға қайтадан 65 теңгеге түсті.

Бауыржан Ерпан, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының маманы:
Негізгі себебі жетпей жатқан шынымен де айту керек. Атырау мұнай газынан айына келетін 2 мың 3 мың тонна келіп тұратын еді, жөндеу жұмыстарына тұрғанына орай, бізде тапшылық байқалып отыр.  

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу