Лондонда полиция өкілеттігінің кеңеюіне қарсы ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда полиция өкілеттігінің кеңеюіне қарсы ауқымды шеру өтті

16.03.2021

Лондонда ауқымды шеру өтіп, оған сан мың адам қатысты. Тұрғындар көшеде демонстрация өткізуді айтарлықтай қиындатып, полицейлерге көбірек құқық беретін заңға қарсылық білдірді. Бұл жобаны парламенттің қауымдар палатасы қарастырып жатыр. Сондықтан, манифестанттар заң шығару органының жанына жиналды.

Айта кетсек, өткен аптаның соңында британ астанасының Клэпхэм ауданында демонстрацияны тарату кезінде Сара Эверард есімді әйел қаза тапты. Оның өлімі үшін бір полицей айыпталып отыр. Бұл оқиға бүкіл қоғамның наразылығын тудырып, қазір тәртіп сақшылары шамадан тыс күш қолданғаны үшін үлкен сынға ұшырап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу