Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді

16.03.2021

Батыс Қазақстан облысы да бүгін «қызыл» аймаққа өтті. Соңғы тәулікте 51 адамнан вирус анықталған. Ал бір аптада 70 адамға дейін індет жұқтырған. Тұрақты өсім байқалады дейді мамандар. Өңірде вакциналау жалғасып жатыр. Облысқа 6 500 доза жеткізіліп, 560 адам екпе алды. Олардың дені медицина мамандары мен мұғалімдер және күштік құрылым қызметкерлері.

Ал, Алматы облысы «сары» аймақта. Бір тәулікте 99 тұрғыннан індет табылды. Аймақ басшыларына аурудың өршу себептеріне талдау жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдау мінтеттелді.

Рауан Диәлі


Хабарламаларға жазылу