Алматыда алғашқы экобекет жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алғашқы экобекет жұмысын бастады

16.03.2021

Алматыда алғашқы экобекет жұмысын бастады. Қаланың кіре берісіндегі бірнеше күре жолға бас-аяғы 19 бекет қою жоспарланған. Осылайша шаһардың ауасын ластап экологиялық ахуалды ушықтыратын ескі көліктердің санын мейлінше азайту көзделіп отыр.

Қуан Нұрақын, тілші: 
Бұл тестілік режимде жұмысын бастаған алғашқы экобекеттердің бірі. Мынандай газ құрамын анықтайтын құрылғылардың көмегімен қалаға кірген көліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшері тексеріледі. Егер қалыпты жағдайдан асып кетсе әкімшілік хаттама толтырылып, бір айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады.

 Тестілік режимдегі тексеру кезінде улы газ мөлшері қалыпты жағдайдан асқан 5 мың жеңіл жјне 1 мыңнан аса жүк көлігі анықталған. Бекет барлық талапқа сай дейді мамандары.

Райдин Қасымов, жоба жетекшісі: 
 Бұрынғы бекеттердің барлығы ескірді. Жаңадан қойылғандардың ерекшелігі қазіргі заманға сай жабдықталды. Терезелері үлкен. Операторлардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалып отыр.

Мұндай экобекеттердің қаланың кіреберістеріне 19-ы қойылады. Барлығына ауа сапасын өлшеп, деректерді онлайн көрсетіп отыратын станциялар орнатылмақ. Жүргізушілердің басым бөлігі мұны қолдап отыр.

 Рашид Нұрымов, жүргізуші: 
 Қазір барлығы заман талабына сай өзгеріп жатыр. Қала кіреберістеріне экологиялық бекеттердің қойылуын құптаймын.

Жақын күндері қала әкімдігі жылжымалы экопатрульдерді де іске қоспақ. Олар көк түтіні будақтап, ауаны ластайтын көліктерді тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу