Ресейде коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы анықталды

16.03.2021

Ресейде коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы анықталды. Мутацияланған инфекция екі адамнан тіркелген. Ол вирустың басқа түрлеріне қарағанда 50 пайызға қауіпті. Сонымен қатар, елде 28 адамнан «британдық» штамм табылған. Мамандардың хабарлауынша, «ковидпен» күресуге арналған вакциналар вирустың жаңа түрлеріне қарсы тиімсіз.

AstraZeneca екпесінен бас тартып жатқан елдердің қатары көбейіп келеді. Препаратты қолдануды Германия, Франция, Испания, Италия сияқты Еуропаның ірі мемлекеттерімен қатар, вакцинаның отаны – Швеция да тоқтатты. Енді оның денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттік тексереді.

Десе де Австралия AstraZeneca-ны пайдалануды жалғастыратынын хабарлады. Ал Таиланд премьер-министрі бүгін оның алғашқы дозасын қабылдады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу