Қарулы Күштер саласының «Алтын жебе» кешенді сынағы басталды. Оған биыл үш мыңдай сарбаз бен үш жүзге тарта жауынгерлік және авиациялық техника тартылды.
Бірінші кезең шығыс өңірінде өтіп жатыр. Мұнда десанттық-шабуылдау бөлімшелері жиналды. Олар ұшқышсыз ұшатын аппараттарды сынап, барлау құралдары мен әскери-көлік авиациясын тексеріп жатыр. Күндіз және түнде тактикалық оқ ату жаттығулары орындалып, ұшу мен торуылдағы жауынгерлік қимылдар бағалануда. Әскери қызметшілер медициналық даярлық, минаны залалсыздандыру, топография бойынша норматив тапсыруда. Кешенді сынақ 9 сәуірге дейін жалғасады.
Амангелді Сейітхан