«Әл-Фараби» кен орнында барлау жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл-Фараби» кен орнында барлау жұмысы басталды

16.03.2021

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «Лукойл» президентімен кездесу өткізіп, келіссөз хаттамасына қол қойды. «Әл-Фараби» теңіз учаскесін «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» бірлесіп игереді. Жобадан «ҚазМұнайГазға» 50,01%-і, «Лукойлға» 49,99 процент үлесі тиеді. Кен орны жағалаудан 130 шақырымда орналасқан. Аумағы 6 мың шаршы километр.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу