Тек жүк жөнелтушінің көрші елмен келісілген тасымалдау жоспары болуы шарт. Дегенмен «ҚТЖ-Жүк тасымалының» хабарлауынша, Достық станциясында жүк транзитіне шектеу 31 наурызға дейін жалғасады. Уақытша шектеу Қытай карантинге байланысты импорттық тауар қабылдамаған соң, 1 наурызда басталған. Олар жүк тиелген вагондарды кеденнен өткізбей, кәсіпкерлер шығынға батқан еді.
Ақерке Бектас