Нигерде қарулы топ шабуылынан 58 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерде қарулы топ шабуылынан 58 адам мерт болды

17.03.2021

Нигерде қарулы топ базардан қайтқан тұрғындарға шабуыл жасап, 58 адамды мерт қылды. Қанды оқиға Мали шекарасы маңындағы Тиллабери аймағында болды. 

Әзірге қастандықты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Бір анығы – содырлар төрт көлікке мінген адамдарға оқ жаудырды. Оқиғаға байланысты елде алдағы үш күн қаралы деп жарияланды.

Шабуылдың не үшін ұйымдастырылғаны белгісіз. Айта кетсек, Нигердің батысы мен оңтүстік-шығысында қазір радикалдық топтармен күрес жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу