Қызылорда облысы кеше кешкілік қара түнекте қалды. Аймақтағы «КЕГОК» компаниясының жоғары кернеулі электр жесінен ақау шығып, қала мен бес аудан бір мезетте жарықтан ажыратылды.
Соның салдарынан шаһардағы жылу орталығындағы бу қазандықтарының жұмысы тоқтап, 40 мыңға жуық абонемент жылусыз қалды. Түн ортасында барлық бағдаршам, көше жарықтары істен шығып, жол қозғалысына да қиындық туғызды. Электр желісіндегі олқылық түнгі 2.00-де толықтай қайта қалпына келтіріліп, кезең-кезеңімен жарық берілді. Сондай-ақ, жылу электр орталығының да жұмысы қайта жанданып, қазір температуралық режим қалыпқа түсті.
Ерлан Жаңабаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
«КЕГОК»-қа қарасты магистраль желісінде ақау болды. 13-14 наурыз күндері Жамбыл, Түркістан облыстарында жел күшейді.
Әділбек Серікұлы