Ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеуге жауапты адамдар болуы тиіс. Олар энергия менеджерлері рөлін атқарады. Мәжілісте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Кешенді шаралар аясында жергілікті атқарушы органдарға жол карталарын жасау мен оларды іске асыру бойынша құзырет беру ұсынылды. Сонымен қатар, энергия үнемдеу саласы үшін жаңа мемлекеттік бақылау тетігін енгізу көзделген. Бюджет секторын реттеуге де басымдық беріледі. Мәселен, тиісті ведомство өкілдері әкімшілік ғимараттарда энергия үнемдеу әлеуеті 40 пайызға дейін жетеді деп отыр.
Аманияз Ержанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:Негізгі бағыттар, ол – мемлкеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиты, мемлекеттік бақылау, бюджет секторы және өңірлік саясат. Заң жобасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге бағытталған.
Дарын Сағитов